НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс және мәслихаттар сайлауына шет елдер мен халықаралық ұйым байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады.
Барлығы - 398 байқаушы. Олардың 322-сі халықаралық ұйымдардан келеді:
- ТМД парламентаралық ассамблеясы - 48;
- ТМД атқарушы комитеті - 179;
- Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 4;
- ЕҚЫҰ адам құқығы және демократиялық институт бюросынан – 42;
- ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы – 9;
- Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 15;
- Түркітілдес мемлекеттер әріптестігі кеңесі – 7;
- Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының парламенттік ассамблеясы – 7;
- Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы – 9;
- Қазақстандағы ЕО өкілдігі – 2.
Сондай-ақ, 31 елден жетпіс алты байқаушы бар.
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.