Саясат

Мәжіліс сайлауы: халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

© Sputnik / Владислав ВодневВыборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане
Выборы в мажилис. Агитационные стенды в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отыздан астам ел мен ондаған халықаралық ұйымдардан барлығы 398 байқаушы аккредиттелгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс және мәслихаттар сайлауына шет елдер мен халықаралық ұйым байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады. 

Барлығы - 398 байқаушы. Олардың 322-сі халықаралық ұйымдардан келеді:

  • ТМД парламентаралық ассамблеясы - 48;
  • ТМД атқарушы комитеті - 179;
  • Ислам ынтымақтастығы ұйымы – 4;
  • ЕҚЫҰ адам құқығы және демократиялық институт бюросынан – 42;
  • ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы – 9;
  • Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 15;
  • Түркітілдес мемлекеттер әріптестігі кеңесі – 7;
  • Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымының парламенттік ассамблеясы – 7;
  • Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы – 9;
  • Қазақстандағы ЕО өкілдігі – 2.

Сондай-ақ, 31 елден жетпіс алты байқаушы бар.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Жаңалықтар
0