Әлем

Жел турбинасының қалақшасын тасымалдау суреті желі қолданушыларын таңғалдырды

Құрылымның ұзындығы 67 метр болса, салмағы 25 тонна. Ал желі қолданушылары суреттердің шынайылығына күмән келтірген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Люксембургтің Adams Schwertransporte көлік компаниясы ұзындығы 67 метрлік жел турбинасының қалақшасын тасымалдау кезінде түсірілген суретті әлеуметтік желіде жариялады.

LinkedIn парақшасында жарияланған суретте жел электр станциясының қалақшасы тасымалданған сәт көрінеді. Құрылымның ұзындығы 67 метр, салмағы 25 тонна.

Айта кетейік, алып қалақшаның төменгі ұшы 45 градустық қалыпта өздігінен қозғалатын модульді платформаға бекітілген (SPMT).

Сондай-ақ, суретте жүк көлігінің таулы аймақта жүріп бара жатқаны көрінеді. 

​Жарияланған сурет астындағы пікірлерде көптеген қолданушылар фотосуреттердің шынайылығына күмән келтірген. Ал компания өкілдері бұл көрініс шынайы екенін жазып, жел турбинасының қалақтарын осылай тасымалдау бірінші рет емес деп атап өткен.