Фото

2020 жылғы жойқын табиғи апаттар – жантүршігерлік суреттер

Sputnik

Пандемия құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің, дәрігерлер мен еріктілердің жұмысын едәуір қиындатты. Олар апат салдарын жою кезінде өршіп тұрған коронавирустан қорғану талаптарын да сақтауға мәжбүр болды.

Әлемнің әр түкпіріндегі нөсер жауын мен күшті дауылдар адамзатқа орасан зор зиянын тигізді. Жанартаулар атқылап, жер жиі мазасызданды. Ал жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам зардап шекті.

Оқи отырыңыз: Спортшыдан супермодельге дейін: жылдың ең сұлу адамы рейтингіне кімдер енді – фото

Сондай-ақ, құрлықтық континенттердегі орман өрттері ғарыштан да анық көрінді.

Пандемия құшағында қалған әлем тағы қандай қиындықтарға душар болды. Суреттерден көріңіз.

1 / 11
Калифорнияның Сильверадо қауымдастығындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші жанып тұрған ағаштың жанынан өтіп бара жатыр. Қауымдастық Лос-Анджелестен 60 шақырым жерде орналасқан. Калифорнияның өрт сөндіру қызметі тілсіз жаумен күреске 4 000 өрт сөндіруші қатысқанын, ал 34 миллион адам қауіптілігі жоғары аймақтарда болғанын хабарлады.
2 / 11
Францияның Альпы теңізі аймағындағы Сен-Мартин-Везюбидегі су тасқынынан кейінгі көрініс. "Алекс" дауылы елді мекенді сыртқы әлемнен бөліп тастады. Жолдар қирап, айнала қоқысқа толды. Электр энергиясы өшіп қалғандықтан, байланыс тетіктері қоңыраулар жүктемесіне шыдас бермеді.
3 / 11
Ұлыбританияның Суонедж қаласын су басқан сәтте жағалауда жүрген ер адам. Негізінен, қала су тасқыннан үнемі зардап шегетіндей жерде орналасқан. Жергілікті биліктің су тасқынынан қорғануға тырысқанына қарамастан, биыл Суонедж қаласы өте қиын жағдайда қалды.
4 / 11
2020 жылдың 22 наурызында Хорватияның Загреб қаласында болған жер сілкінісінің салдары. Табиғи апат салдарынан 27 адам зардап шекті, 15 жастағы жасөспірім қыз жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. 26 000-нан астам ғимарат, соның ішінде әлемдік маңызы бар мәдени мұра объектілері зардап шекті.
5 / 11
Австралиядағы дала өрті кезінде жараланған коала Кенгуру аралындағы жабайы табиғат паркінде орналасқан уақытша далалық ауруханада емделуде. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) мәліметі бойынша 2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың ақпанына дейін Австралиядағы дала өртінде 3 миллиардтан астам жануар қырылды.
6 / 11
Сегіз жыл бойы "ұйықтаған" Левотоло жанартауының атқылауына байланысты Индонезияға 2,7 мыңнан астам адам көшірілді. Ол аспанға күл аралас түтін 5 шақырым биіктікке көтерілді.
7 / 11
Шамамен 25 000 ауыл тұрғыны Филиппиндегі өз үйлерінен қоныс аударуға мәжбүр болды. Өйткені "Молаве" тайфуны соғып, салдарынан ауылдарды су басып, шатырлар ұшып, ағаштар мен электр бағаналарын құлатты. Тайфун әсерінен пайда болған желдің жылдамдығы сағатына 125 шақырымға, ал екпіні сағатына 180 шақырымға дейін жетті.
8 / 11
Түрік құтқарушылары Измирдегі жер сілкінісінен 91 сағат өткенде баланы үйінді арасынан шығарып алды. Измир губернаторы Селим Кошгер Аида Гезгин есімді үш жасар қыздың құтқарылғанын айтты. Айда Гезгин Измирде үйінділерден құтқарылған 107-ші адам болды. Баланы құтқаруға қатысқан Нусрет Аксой баланың қираған пәтерлердің біріндегі кір жуғыш машинаның жанында қалып қойғанын айтты.
9 / 11
Гватемаладағы Пакая жанартауының атқылауы. Пакая Жер шарындағы ең белсенді жанартаудың бірі болып саналады. Ол бірден 4 лава ағынын тасытып, балқыған тастарды 300 метр биіктікке дейін ұшырды. Жарылыс ошағынан күлдің ұшуы 12 шақырым қашықтыққа дейінгі аумақты қамтыды.
10 / 11
Ер адам Маврикий жағалауын төгілген мұнайдан тазартып жатыр. 2020 жылдың 25 шілдесінде Жапонияның жүк кемесі Маврикийдің оңтүстік-шығыс жағалауында су астындағы тасқа соғылып, тонналаған мұнай елдің ерекше экожүйелеріне төгілді.
11 / 11
Желдің жылдамдығы сағатына 117 метр секунтқа жеткен "Янус" дауылы Грекияны жайпап өтті.