Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

2020 жылғы жойқын табиғи апаттар – жантүршігерлік суреттер

Жазылу
Тышқан жылында пандемиядан басқа көптеген табиғи апаттар әлемді әбігерге салды. Sputnik адамдардың қиындықтармен қалай бетпе-бет келгені бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынады

Пандемия құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің, дәрігерлер мен еріктілердің жұмысын едәуір қиындатты. Олар апат салдарын жою кезінде өршіп тұрған коронавирустан қорғану талаптарын да сақтауға мәжбүр болды.

Әлемнің әр түкпіріндегі нөсер жауын мен күшті дауылдар адамзатқа орасан зор зиянын тигізді. Жанартаулар атқылап, жер жиі мазасызданды. Ал жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам зардап шекті.

Оқи отырыңыз: Спортшыдан супермодельге дейін: жылдың ең сұлу адамы рейтингіне кімдер енді – фото

Сондай-ақ, құрлықтық континенттердегі орман өрттері ғарыштан да анық көрінді.

Пандемия құшағында қалған әлем тағы қандай қиындықтарға душар болды. Суреттерден көріңіз.

© AP Photo / Noah BergerКалифорнияның Сильверадо қауымдастығындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші жанып тұрған ағаштың жанынан өтіп бара жатыр. Қауымдастық Лос-Анджелестен 60 шақырым жерде орналасқан. Калифорнияның өрт сөндіру қызметі тілсіз жаумен күреске 4 000 өрт сөндіруші қатысқанын, ал 34 миллион адам қауіптілігі жоғары аймақтарда болғанын хабарлады.
Калифорнияның Сильверадо қауымдастығындағы өрт - Sputnik Қазақстан
1/11
Калифорнияның Сильверадо қауымдастығындағы өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші жанып тұрған ағаштың жанынан өтіп бара жатыр. Қауымдастық Лос-Анджелестен 60 шақырым жерде орналасқан. Калифорнияның өрт сөндіру қызметі тілсіз жаумен күреске 4 000 өрт сөндіруші қатысқанын, ал 34 миллион адам қауіптілігі жоғары аймақтарда болғанын хабарлады.
© AFP 2024 / Valery HacheФранцияның Альпы теңізі аймағындағы Сен-Мартин-Везюбидегі су тасқынынан кейінгі көрініс. "Алекс" дауылы елді мекенді сыртқы әлемнен бөліп тастады. Жолдар қирап, айнала қоқысқа толды. Электр энергиясы өшіп қалғандықтан, байланыс тетіктері қоңыраулар жүктемесіне шыдас бермеді.
Сен-Мартин-Везюбидегі су тасқынынан кейінгі көрініс - Sputnik Қазақстан
2/11
Францияның Альпы теңізі аймағындағы Сен-Мартин-Везюбидегі су тасқынынан кейінгі көрініс. "Алекс" дауылы елді мекенді сыртқы әлемнен бөліп тастады. Жолдар қирап, айнала қоқысқа толды. Электр энергиясы өшіп қалғандықтан, байланыс тетіктері қоңыраулар жүктемесіне шыдас бермеді.
© AP Photo / Steve ParsonsҰлыбританияның Суонедж қаласын су басқан сәтте жағалауда жүрген ер адам. Негізінен, қала су тасқыннан үнемі зардап шегетіндей жерде орналасқан. Жергілікті биліктің су тасқынынан қорғануға тырысқанына қарамастан, биыл Суонедж қаласы өте қиын жағдайда қалды.
Мужчина на затопленной набережной города Суонедж, Великобритания  - Sputnik Қазақстан
3/11
Ұлыбританияның Суонедж қаласын су басқан сәтте жағалауда жүрген ер адам. Негізінен, қала су тасқыннан үнемі зардап шегетіндей жерде орналасқан. Жергілікті биліктің су тасқынынан қорғануға тырысқанына қарамастан, биыл Суонедж қаласы өте қиын жағдайда қалды.
© AP Photo 2020 жылдың 22 наурызында Хорватияның Загреб қаласында болған жер сілкінісінің салдары. Табиғи апат салдарынан 27 адам зардап шекті, 15 жастағы жасөспірім қыз жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. 26 000-нан астам ғимарат, соның ішінде әлемдік маңызы бар мәдени мұра объектілері зардап шекті.
Загреб қаласында болған жер сілкінісінің салдары - Sputnik Қазақстан
4/11
2020 жылдың 22 наурызында Хорватияның Загреб қаласында болған жер сілкінісінің салдары. Табиғи апат салдарынан 27 адам зардап шекті, 15 жастағы жасөспірім қыз жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды. 26 000-нан астам ғимарат, соның ішінде әлемдік маңызы бар мәдени мұра объектілері зардап шекті.
© AFP 2024 / Peter ParksАвстралиядағы дала өрті кезінде жараланған коала Кенгуру аралындағы жабайы табиғат паркінде орналасқан уақытша далалық ауруханада емделуде. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) мәліметі бойынша 2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың ақпанына дейін Австралиядағы дала өртінде 3 миллиардтан астам жануар қырылды.
Австралиядағы дала өрті кезінде жараланған коала - Sputnik Қазақстан
5/11
Австралиядағы дала өрті кезінде жараланған коала Кенгуру аралындағы жабайы табиғат паркінде орналасқан уақытша далалық ауруханада емделуде. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) мәліметі бойынша 2019 жылдың маусым айынан 2020 жылдың ақпанына дейін Австралиядағы дала өртінде 3 миллиардтан астам жануар қырылды.
© AFP 2024 / Geological Agency of Indonesia Сегіз жыл бойы "ұйықтаған" Левотоло жанартауының атқылауына байланысты Индонезияға 2,7 мыңнан астам адам көшірілді. Ол аспанға күл аралас түтін 5 шақырым биіктікке көтерілді.
Сегіз жыл бойы ұйықтаған Левотоло жанартауы оянды - Sputnik Қазақстан
6/11
Сегіз жыл бойы "ұйықтаған" Левотоло жанартауының атқылауына байланысты Индонезияға 2,7 мыңнан астам адам көшірілді. Ол аспанға күл аралас түтін 5 шақырым биіктікке көтерілді.
© AP Photo / Aaron FavilaШамамен 25 000 ауыл тұрғыны Филиппиндегі өз үйлерінен қоныс аударуға мәжбүр болды. Өйткені "Молаве" тайфуны соғып, салдарынан ауылдарды су басып, шатырлар ұшып, ағаштар мен электр бағаналарын құлатты. Тайфун әсерінен пайда болған желдің жылдамдығы сағатына 125 шақырымға, ал екпіні сағатына 180 шақырымға дейін жетті.
25 000 ауыл тұрғыны Филиппиндегі өз үйлерінен қоныс аударуға мәжбүр болды - Sputnik Қазақстан
7/11
Шамамен 25 000 ауыл тұрғыны Филиппиндегі өз үйлерінен қоныс аударуға мәжбүр болды. Өйткені "Молаве" тайфуны соғып, салдарынан ауылдарды су басып, шатырлар ұшып, ағаштар мен электр бағаналарын құлатты. Тайфун әсерінен пайда болған желдің жылдамдығы сағатына 125 шақырымға, ал екпіні сағатына 180 шақырымға дейін жетті.
© AP Photo / AFAD Түрік құтқарушылары Измирдегі жер сілкінісінен 91 сағат өткенде баланы үйінді арасынан шығарып алды. Измир губернаторы Селим Кошгер Аида Гезгин есімді үш жасар қыздың құтқарылғанын айтты. Айда Гезгин Измирде үйінділерден құтқарылған 107-ші адам болды. Баланы құтқаруға қатысқан Нусрет Аксой баланың қираған пәтерлердің біріндегі кір жуғыш машинаның жанында қалып қойғанын айтты.
Измирдегі жер сілкінісінен 91 сағат өткенде бала үйінді арасынан аман табылды - Sputnik Қазақстан
8/11
Түрік құтқарушылары Измирдегі жер сілкінісінен 91 сағат өткенде баланы үйінді арасынан шығарып алды. Измир губернаторы Селим Кошгер Аида Гезгин есімді үш жасар қыздың құтқарылғанын айтты. Айда Гезгин Измирде үйінділерден құтқарылған 107-ші адам болды. Баланы құтқаруға қатысқан Нусрет Аксой баланың қираған пәтерлердің біріндегі кір жуғыш машинаның жанында қалып қойғанын айтты.
© AFP 2024 / Johan OrdonezГватемаладағы Пакая жанартауының атқылауы. Пакая Жер шарындағы ең белсенді жанартаудың бірі болып саналады. Ол бірден 4 лава ағынын тасытып, балқыған тастарды 300 метр биіктікке дейін ұшырды. Жарылыс ошағынан күлдің ұшуы 12 шақырым қашықтыққа дейінгі аумақты қамтыды.
Гватемаладағы Пакая жанартауының атқылауы. - Sputnik Қазақстан
9/11
Гватемаладағы Пакая жанартауының атқылауы. Пакая Жер шарындағы ең белсенді жанартаудың бірі болып саналады. Ол бірден 4 лава ағынын тасытып, балқыған тастарды 300 метр биіктікке дейін ұшырды. Жарылыс ошағынан күлдің ұшуы 12 шақырым қашықтыққа дейінгі аумақты қамтыды.
© AFP 2024 / Jean Aurelio PrudenceЕр адам Маврикий жағалауын төгілген мұнайдан тазартып жатыр. 2020 жылдың 25 шілдесінде Жапонияның жүк кемесі Маврикийдің оңтүстік-шығыс жағалауында су астындағы тасқа соғылып, тонналаған мұнай елдің ерекше экожүйелеріне төгілді.
Маврикий жағалауын төгілген мұнайдан тазартып жатқан адам - Sputnik Қазақстан
10/11
Ер адам Маврикий жағалауын төгілген мұнайдан тазартып жатыр. 2020 жылдың 25 шілдесінде Жапонияның жүк кемесі Маврикийдің оңтүстік-шығыс жағалауында су астындағы тасқа соғылып, тонналаған мұнай елдің ерекше экожүйелеріне төгілді.
© AP Photo / Nikiforos StamenisЖелдің жылдамдығы сағатына 117 метр секунтқа жеткен "Янус" дауылы Грекияны жайпап өтті.
Желдің жылдамдығы сағатына 117 метр секунтқа жеткен Янус дауылы Грекияны жайпап өтті. - Sputnik Қазақстан
11/11
Желдің жылдамдығы сағатына 117 метр секунтқа жеткен "Янус" дауылы Грекияны жайпап өтті.
Жаңалықтар
0