Қоғам

Алтынбекова мен Тостықбаев аста-төк тойдан бас тартты

Жас жұбайлар тойдың орнына №1 Алматы облыстық балалар үйіне барып, балаларға тарту жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен продюсер Саят Тостықбаев тойдың орнына №1 Алматы облыстық балалар үйіне көмек көрсетті.

"Жастарға бақыт тілеймін! Саят пен Сабина өзгелерге үлгі болып, пандемия кезінде жүздеген балаға көңіл-күй сыйлап, той өткізуге болатынын көрсетті", - деді блогер және кәсіпкер Бейбіт Әлібеков.

Ол жас жұбайлар пейілі кең жандар екенін жазған.

"Маған жазбаңызшы, айтпаңызды деді... Олар сіз білмейтін талай жақсылық жасайды. Сондықтан мен жазып, үлгі болу керек деп ойлаймын", - деді Әлібеков.

Желіде волейболшы Сабина Алтынбекова мен продюсер Саят Тостықбаевтың шағын тойының видеосы пайда болған еді.

Видеоға қарағанда, той жақындары мен достарының арасында ғана өткен.

Жас жұбайлар торт кесіп, Алтынбекова енесіне (болжам бойынша) дәм татуға ұсынады. Қонақтардың көңіл-күйі көтеріңкі, видео мен суретке түсіп жүр. Адам көп емес, мейрамхана ұжымы бетпердемен жұмыс істеген. Роликтен КВН ойыншысы, актер Дәурен Айдарқұловты да көруге болады.

Бұған дейін жанкүйерлер волейболшы қыз Қуат Хамитовпен өзара қарым-қатынаста деп санаған. Өйткені, отандық телеарнаның біріне сұқбат берген спортшы Алтынбекованы ұнататынын, оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан. Кейінірек Сабина Алтынбекова "Найманды" өмірімде бір рет қана көрдім деп мәлімдеген.

ММА файтер Қуат Хамитов волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққаны туралы жаңалыққа қатысты пікір білдірді.