НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Елордадағы "Жағалау-3" ТК, 30-блоктың құрылысы сегіз жылдан кейін аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның "сақалды" құрылыстарының бірі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр", - деп атап өтті Көлгінов.
Оның айтуынша, бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар.
"Құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б", - деп жазды астана әкімі.
Оқи отырыңыз: Елордада 15 жыл бұрын тұрғызылған тұрғын үй нысаны бұзылып жатыр
Қазір проблеманың басым бөлігі шешілген, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалыпты.