Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда 8 жыл салынған тұрғын үй пайдалануға берілді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір тұрғындарға тіркеуге тұруға, емханаларға баруға, балаларын мектепке, балабақшаға апаруға мүмкіндік беретін үйдің техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Елордадағы "Жағалау-3" ТК, 30-блоктың құрылысы сегіз жылдан кейін аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтанның "сақалды" құрылыстарының бірі пайдалануға берілді. Қазір тұрғындарға көптен күткен пәтерлеріне тіркеуге тұруына, емханаларға, балаларын мектепке, балабақшаға және т.б. тіркеуіне мүмкіндік беретін техникалық паспорттары үлестіріліп жатыр", - деп атап өтті Көлгінов.

Оның айтуынша, бұл тұрғын үй кешенінде алаяқтарға алданып қалған 600-ден астам отбасы бар.

"Құрылысты аяқтау үшін жұмысымызды кезең-кезеңімен жүргіздік. Түйткілді мәселелер көп болды: бұл үйдің қасбеті, инженерлік желілер (сумен жабдықтау, жылыту, кәріз желісі, электр энергиясы), кіреберістердің ішкі әрлеуі, лифтілер, құжаттардың толық тізбесінің болмауы, абаттандыру және т.б", - деп жазды астана әкімі.  

Оқи отырыңыз: Елордада 15 жыл бұрын тұрғызылған тұрғын үй нысаны бұзылып жатыр 

Қазір проблеманың басым бөлігі шешілген, тек мамандар атқаратын кейбір техникалық жұмыстары ғана қалыпты.

Жаңалықтар
0