Қоғам

"Жеңіс менікі емес, біздікі": Жұлдыз Әбдікәрімова видео жариялады

Әбдікәрімова әлем әйелдердің қоғамдағы рөлін көбірек түсіне бастаған кезде "Әлем ханымы – 2020" байқауында бақ сынау үлкен мәртебе болғанын атап өтті
Sputnik

АЛМАТЫ, 25 желтоқсан –  Sputnik. Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" байқауында жеңіске жетуіне байланысты оқырмандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Әбдікәрімова жылы лебізін ресми парақшасында видео түрінде жеткізді.

"Сүйінші, қазақ елі және мені қолдаған Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолстан, ресейлік оқырмандар! Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен "Әлем ханымы – 2020" байқауының бас жүлдесі бізге бұйырды. Жеңіс менікі емес, біздікі. Мақсатым басыма тәж кию емес, мақсатым – көк туымды желбірету", - деді Әбдікәрімова.

Сонымен қатар өзіне дауыс бергендердің барлығына алғысын айтты.

"Әлем әйелдердің қоғамдағы рөлін көбірек түсіне бастаған кезде бұл байқауда бақ сынау мен үшін үлкен мәртебе болды. Байқау оңай болған жоқ. Бұл бәсекелестік жағынан емес, маған дауыс бергендердің алдындағы үлкен жауапкершілік тұрғысынан қиын болды", - деп жазды Әбдікәрімова.

Бүкіл әлемдеге әйелдер құқығы қозғалысы кезеңінде мен жеңіске жетсем, әйелдердің әлеуетін арттыру үшін анағұрлым көбірек мүмкіндігім болатынын білдім, деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова "Әлем ханымы – 2020" атанды

Айта кетейік, 1-24 желтоқсан аралығында өткен дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Ал 1-орынды Орталық Еуропа атынан қатысқан Виктория Люб (Victoria Liub) алды. Ол 58 349 дауыс жинаған. 2-орын австриялық Юлия Игнатченкоға бұйырды. Оны байқауда 55 789 адам қолдады. 3-орынды Сібір өкілі Янина Ремезова иеленді. Ол 54 705 дауыс жинады.