НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA (Super) және WBC тұжырымдарының чемпионы Сауль Альваресті оп-оңай жеке алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Канелоны ешкім жеке алмайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Сіздер ұйықтап жатырсыздар. Өтінемін, ояныңыз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылы QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - деп жазды Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оқи отырыңыз: Шереметаны жеңген Головкиннің гонорары жарияланды
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы – WBO Global титулының иегері. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізді. Сол кезде Әлімханұлы аргентиналық боксшы Гонсало Кориюны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген.