Су-57 жойғышы туралы не білеміз?

Су-57 бесінші буын жойғышы тактикалық-техникалық сипаттамаларымен, алтыншы буын технологияларының спектрімен және жоғары экспорттық әлеуетімен ерекшеленеді
Sputnik

Ресейдің әуе-ғарыштық күштері алғашқы топтамалық Су-57 жойғышын осы жылдың соңына қарай алады. Екінші кезең қозғалтқышы бар 5-ші буынның алғашқы жойғышы 2022 жылы құрастырылады. 2024 жылға қарай Ресейдің ӘҒК-дегі жауынгерлік қатарда 22 бірлік Су-57 болса, 2028 жылы бұл көрсеткіш 76-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Палубалық нұсқа 2021 жылдың соңына дейін әзірленіп бітеді.

Жаңа Су-57 жойғыш ұшағын алғаш қай ел сатып алуы мүмкін
Су-57-ні сатып алғысы келетіндердің кезегінде қазірдің өзінде сегіз мемлекет тұр. Ресейдің әскери-өнеркәсіптік комиссиясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Андрей Елчанинов былай деп хабарлады: "Жеткізудің түрлі нұсқалары қарастырылуда: жеке ұшақ және қару-жарақтың толық жиынтығы бар, сатудан кейінгі қызмет көрсету жүйесі бар ұшақ".

Алжир бірінші болып 14 дана Су-57 жойғышына тапсырыс берді. Су-57-нің ең ірі әлеуетті тапсырыс берушісі – Үндістан. Ол дайын техниканы сатып алуды және өз аумағында лицензияланған өндіріс жобасын дамытуды көздеп отыр. Сонымен қатар, Үндістанның әскери-әуе күштері екі орындық жойғыштарға басымдық береді. Ал Ресей маңызды рөлге ие серіктесінің қалауын орындауға дайын.

Су-57 жойғышына Үндістан мен Алжирден басқа Қытай, Мьянма, Вьетнам, Малайзия, Иран және Түркия қызығушылық танытып отыр. Шетелдік тапсырыс берушілер саны үнемі өседі деп күтілуде. Себебі, төртінші буын жойғыштары бүгінде тозып, өткеннің елесіне айналуда. 

Америкалық MilitaryWatchMagazine басылымы Су-57 жойғышының танымалдылығы кеңінен артады деп күтуде. Бұған Ресейдің өз әуе кемесінің конструкциялық мүмкіндіктерін алтыншы буын деңгейіне жақындатып, гипердыбысты зымырандар мен "Saturn-30" су жаңа қозғалтқыштарын біріктіруі ықпал етпек. Алайда, бүгіннің өзінде Су-57-де тосқауыл жасаушы жойғыш пен соққы жасайтын шабуылдаушы ұшақтың ерекше үйлесімі бар.

Су-57 бесінші буын жойғышы негізінен алтыншы буын технологияларынан құрастырылуымен қызықты әрі ерекше. Бұл бір жағынан тиімді жауынгерлік бірлік болса, екінші жағынан ғылыми зертхана, зерттеу полигоны, болашаққа қадам болып табылады. Ұшқышпен басқарылатын Су-57 автоматты режимде тапсырмалардың 90%-ін орындауға қабілетті. Ол тіпті алдын-ала дайындалған бағдарлама бойынша толықтай автоматты түрде жұмыс істей алады. Су-57 жойғышының "Охотник" ұшқышсыз ұшу аппаратымен біріктірілуі алтыншы буын ұшақтарының ұшқышсыз ұша алатын ауыр эскадрильяларын жаңа тактикада қолдануға алып келеді.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов 21 желтоқсанда алтыншы буын жойғышында ұшқыш болмайтынын, бұл қанатты әскери техника ғана емес, тиімді авиациялық кешен болатынын мәлімдеді. Мұндай ұшақты жерден немесе жанындағы ұшу аппаратынан басқаруға болады. Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жойғыштарды әзірлеудің түрлі нұсқалары қарастырылып, әлі деп пысықталып жатыр.

Армения әскери техника жағынан неге көп шығынға ұшырады?
Әдетте, мұндай жобалардың аясындағы жұмыстар шамамен бес жылдан жеті жылға дейін созылады. Алтыншы буын жойғышын әзірлеу 2016 жылдың көктемінде басталды. Сол уақытта Біріккен авиациялық құрылыс корпорациясында әскери авиация бағдарламаларына жауапты Владимир Михайлов алғашқы ұшу 2025 жылы орындалатынын атап өтті.

Әзірше экспорттық жоғары әлеуетке ие ұшқышпен басқарылатын Су-57 жойғышы бар. Ресей әуе-ғарыш күштері бесінші буын жойғыштарын бірінші болып қабылдайды. Юрий Борисов әскерлердің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылмайынша, шетелге ештеңе сатылмайтынын айтып, Қорғаныс министрлігімен 76 көлікке келісімшарт жасалғанын атап көрсетті.

Ресми сипаттамаларын дайындаушы зауыт құпия сақтап отыр. Әйтсе де, ашық ақпарат көздерінен Су-57 жауынгерлік кешенінде әуе мен жердегі нысандарды жоюға арналған 15 жаңа авиациялық соққы жасау құралдары, 250 километрге дейін ұшатын кемеге қарсы зымырандар және "Кинжал" гипердыбысты жүйесі бар. Басқа типтегі қаруларды сынақтан өткізуді 2021 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Батыстағы әскери сала сарапшыларының пікірінше, ресейлік Су-57 жойғышы соғыс әуе техникасының бесінші буын өкілі болғанымен, алтыншы буынға қарқынды жақындап келеді.

Оның үш өлшемді тартылыс векторы әуеде түрлі маневрлер жасауға мүмкіндік береді. Бүйірінде орналасқан радио-локациялық жүйелер нысандарды іздеу кезіндегі жоғары дербестілікті және ұшақтың қарсылас радарына түспеуіне қамтамасыз етеді.

Көпфункционалды Су-57 жойғышы алыс және жақын қашықтықтағы ұрыстарда әуе нысандарының барлық түрін жоюға, қарсыластың әуедегі шабуылға қарсы қорғанысына төтеп беріп, жердегі және су үстіндегі нысандардың көзін жоюға арналған. Ол Сирия аспанында шынайы соғыс жағдайында сыналды.