АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. SIM карта жоғалған жағдайда қаскүнемдер ішінде сақталған барлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Сонымен қатар сол арқылы қаржыны да жымқырып кетуі мүмкін. Бұл туралы "Зияткерлік резерв" ("Интеллектуальный резерв") компаниясының серіктесі әрі директоры Павел Мясоедов "Прайм" агенттігіне айтты.
Маман SIM картаны жоғалтып алған жағдайда бірден операторға хабарласуға кеңес берді. Себебі тауып алған адам алаяқтық жасауы мүмкін.
Атап айтқанда, олар операторға қоңырау шалып, өзін иесі ретінде таныстырып, SIM картаның жоғалғанын мәлімдейді. Арнайы тексеру сұрақтарына жауап беру үшін, сұрақтың жауабын алдын ала әлеуметтік желідегі парақшадан табатын көрінеді.
"Содан кейін SIM карта өшіріледі, бейтаныс адам жаңа нөмірді қосып, жоғалған нөмірге келетін барлық ақпаратқа толық қол жеткізе алады. Сондықтан цифрларды қорғау, әлеуметтік желіде жеке деректерді жарияламау маңызды болып саналады", – дейді сарапшы.
Сонымен қатар SIM картадағы деректерге қашықтан отырып та қол жеткізуге болады: алдымен пайдаланушының құрылғысына техникалық коды бар смс-хабарлама жіберіледі. Ал ол хабарлама ашылғаннан кейін хакер қоңырауларға, хабарламаларға қол жеткізіп, тіпті иесінің орналасқан жерін де біле алады.
Оқи отырыңыз: Телефонның істен шығатынын қалай білуге болады
Мұндай жағдайдың құрбаны болмау үшін маман операторлардың ұсынысын мұқият тыңдап, құрылғыдағы бағдарламаларды үнемі жаңартып отыру қажет.