Қоғам

Телефонның істен шығатынын қалай білуге болады

© Photo : Pexels//pixabayТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маман смартфонның жұмысындағы ақаудың пайда болуы нақты белгілер арқылы көрініп тұратынын жеткізді. Мұны байқап отыру керек

АЛМАТЫ, 3 желтоқсан – Sputnik. Гаджеттің істен шығуы мүмкін екенін қуатының тез таусылуы, себепсізден қызып кетуі, сенсордағы ақау арқылы білуге болады. Мұндай жағдайда оны түзетуге болады. Алайда ақауы бар құрылғыны пайдалана берсе, телефон істен шығады. 

Смартфонның жұмысындағы ақаудың пайда болуы нақты белгілер арқылы көрініп тұрады. Мысалы, телефон корпусы менн әйнектің сынуы да себеп бола алады. Суық кезде телефон қуатының тез бітуін де белгі деп түсінген жөн. Егер телефон ешқандай себепсіз қызып кететін болса, абай болу керек, деп жазады  "Прайм" агенттігі "Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымның бас директоры Арсений Щелцинге сілтеме жасап.

Ал оның алдында сенсор бетінде, динамик пен микрофон нашар жұмыс істеуі мүмкін. Кей фотоның сақталуында да өзгерістер болады. Сонымен қатар байланыстың жоғалуы, интернет, Wi-fi немесе Bluetooth-ға қосылуда қиындықтар пайда болады. 

"Бұл мәселенің барлығы құрылғының физикалық немесе бағдарламалық деформацияға байланысты. Көптеген жағдайда жаңадан ақау пайда болған кезде мұндай проблемалар шешіледі, бірақ ақауы бар құрылғыны қолдана берсе, пайдасы шамалы болады", - деп қорытындылады сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін оны қалай қолдану қажет екенін айтты.

Жаңалықтар
0