Өңірлер

Ақтауда 7 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш шықты

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері екі күн бойы баланы операцияға дайындады, отаның өзі бір сағатқа созылды  
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер жеті жасар баланың асқазанынан бір буда шашты алып тастады.

Облыстық балалар ауруханасы 21 желтоқсанда қабылдау бөліміне 2013 жылы туған бала жеткізілгенін хабарлады. Ата-анасының айтуынша, баланың іш қуысы ауырып, мазасызданған.   

"Баланың іш қуысын рентгенге түсірген кезде іште үлкен ісік бар екені анықталды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері екі күн ішінде науқасты операцияға дайындады", - дейді ауруханадағылар.

Бір сағат ішінде балалар хирургтары трихобезоарды (шаш жентегі) алып тастау операциясын сәтті аяқтады. Қазір баланың жағдайы жақсы.