Олар бір сақинаны 12 638 бағалы тастармен безендірген.
Рекорд орнатқан жүзік гүл пішіндес. "Барқытгүлдің" салмағы - 165 грамм. Пішіні өсімдікті дәлме-дәл қайталайды.
Өнер туындысы жарты жылдан астам уақыт бойы жасалған. Оның нобайын келісуге бір ай кеткен.
Бұған дейін рекордтық жүзікте 7 801 гауһар тас болды.
Көздің жауын алатын, кез келген бойжеткеннің арманына айналатын жүзікті видеодан тамашалай аласыз.