Видео

Гиннесс рекорды: зергерлер 12 мың гауһар тасы бар жүзік жасады - видео

Жазылу
Үндістандық зергерлер Гиннесс рекордтар кітабына жаңа бағыт енгізді. Ол "бір жүзіктегі гауһар тас саны бойынша әлемдік рекорд" деп аталады

Олар бір сақинаны 12 638 бағалы тастармен безендірген.

Рекорд орнатқан жүзік гүл пішіндес. "Барқытгүлдің" салмағы - 165 грамм. Пішіні өсімдікті дәлме-дәл қайталайды.  

Өнер туындысы жарты жылдан астам уақыт бойы жасалған. Оның нобайын келісуге бір ай кеткен.

Бұған дейін рекордтық жүзікте 7 801 гауһар тас болды. 

Көздің жауын алатын, кез келген бойжеткеннің арманына айналатын жүзікті видеодан тамашалай аласыз.

Жаңалықтар
0