Фото

Тәуелсіздік айбыны: Көк туымыз қашан және қай жерлерде желбіреді – фото

Sputnik

Спортшыларымыздың құрметіне Қазақстанның туы көтерілгенде, бұл сәт халықаралық аренадағы жеңісті сәттердің символына айналады. Сол кезде әрбір қазақстандық өз жерлесін мақтан тұтып, патриоттық рухты сезінеді.

Жуырда ғана үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік ту мен елтаңбаны және олардың бейнелерін пайдалану туралы қаулыға түзетулер енгізуге қол қойды. Демек, бұдан былай қазақстандықтарға туды ғимараттардың балконы мен қасбеттеріне іліп қоюына рұқсат етілді.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлік идеясын білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін", делінген құжатта.

Оқи отырыңыз: Қош бол, 2020: коронавирустан бөлек тышқан жылы несімен есте қалды – фото

Тәуелсіздік жылдары біздің көк туымыз әлемдік деңгейдегі спорт додаларынде желбіреп, биік шыңдарда да бірнеше рет орнатылды. Саяхатшылармен бірге түрлі қалалар мен елдерді шарлаған туымыз тіпті, ғарышқа да жеткізілді...

1 / 14
1995 жылы Абай шыңына шығу – Қазақстан тарихындағы алғашқы жаппай тауға шығу шарасы. Бұл бастама қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналды. Оған сол кездегі елдің президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
2 / 14
Қазақстан арнайы операция күштерінің әскери қызметшілері Абай шыңына көтеріліп, ту көтеріп, қазақтың ұлы ақынының 175 жылдығына арналған ескерткіш тақта орнатты.
3 / 14
Біздің туымыз Антарктиданың ең биік нүктесіне де жетті. Қазақстандық альпинист Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков қарлы шыңға Қазақстанның туын орнатып, 4 892 метр биіктікті бағындырды. Олар 2016 жылғы бұл жетістігін Тәуелсіздік күніне арнады.
4 / 14
Спортшы Ольга Шишигина Сидней Олимпиадасында алтын жүлдеге ие болып, Қазақстанның әнұранын әуелеткен шақ. 2000 жыл.
5 / 14
2015 жылы қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғаламшарды 150 рет айналып шыққан туды сыйлады.
6 / 14
Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы қазақстандық делегация. 2012 жылы Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Оның жетеуі ең жоғары деңгейдегі алтын медальдар. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең жүлделі олимпиадаға айналды.
7 / 14
Саяхатшы Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай веломарафон ұйымдастырды. Олар 99 күнде велосипедпен он мың шақырым жолды жүріп өтті. Осылайша, Қазақстанның туы әлемнің 25 елінде болды. Әр елдің тұрғындары арнайы баннерге Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайтын сөздер жазды.
8 / 14
Жеңімпаз Геннадий Головкин рингке әрдайым Қазақстанның туымен шығады және өзінің жетістігін туған еліне арнайды.
9 / 14
Суда жүзуден тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин. 2016 жылғы сенсациялық жеңістен кейінгі сәт.
10 / 14
2017 жылдың қыркүйегі. Дэвис Кубогы сайысында Диего Шварцманды жеңгеннен кейін теннисші Михаил Кукушкинді командаластары төбесіне көтерді.
11 / 14
2019 жылы Қазақстанның тәуелсіздік күнінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бурдж-Халифа мұнарасы мемлекеттік тудың түсіне боялды. Бурдж-Халифа – әлемдегі ең биік ғимарат (828 метр).
12 / 14
2019 жылдың жазында Алматыдағы ең үлкен мемлекеттік ту әлемдегі ең биік мұз айдынына орнатылды. Флагштоктың биіктігі 40 метр. Ал тудың ені – 7, ұзындығы 14 метр.
13 / 14
20 жасар қазақстандық боксшы Бекзат Саттарханов Сиднейде өткен XXVII жазғы Олимпиада ойындарында 57 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алғаннан кейін өз елінің туын көтерді. 1 қазан 2000 жыл.
14 / 14
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурация рәсімінде мемлекеттік туды ұстап тұр. Астана, 20 наурыз 2019 жыл.