Спортшыларымыздың құрметіне Қазақстанның туы көтерілгенде, бұл сәт халықаралық аренадағы жеңісті сәттердің символына айналады. Сол кезде әрбір қазақстандық өз жерлесін мақтан тұтып, патриоттық рухты сезінеді.
Жуырда ғана үкімет басшысы Асқар Мамин мемлекеттік ту мен елтаңбаны және олардың бейнелерін пайдалану туралы қаулыға түзетулер енгізуге қол қойды. Демек, бұдан былай қазақстандықтарға туды ғимараттардың балконы мен қасбеттеріне іліп қоюына рұқсат етілді.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлік идеясын білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін", делінген құжатта.
Оқи отырыңыз: Қош бол, 2020: коронавирустан бөлек тышқан жылы несімен есте қалды – фото
Тәуелсіздік жылдары біздің көк туымыз әлемдік деңгейдегі спорт додаларынде желбіреп, биік шыңдарда да бірнеше рет орнатылды. Саяхатшылармен бірге түрлі қалалар мен елдерді шарлаған туымыз тіпті, ғарышқа да жеткізілді...