Қоғам

Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео

Елорда тұрғындары да эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында  ақпарат немесе видео жариялай алады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. 30 игі іс акциясы аясында қазақстандық жұлдыздар елордалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізеді.

Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео

Акцияға Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Қайрат Нұртас секілді танымал әншілер де атсалысты.

"30 игі іс акциясына қатысқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мерекеде төрт ұл, екі қыздың анасы Нұрзия ханыммен қауышып отырмыз. Қайырымдылық жасауға асығайық. Мереке құтты болсын!", - дейді әнші Ардақ Балажанова.

"Бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет", - дейді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.

Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео

Еске сала кетейік, "30 игі іс" акциясы барысында қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлерге қар шығаруға, үй ішін тазалауға, көмір жеткізуге көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, еріктілер коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын.

Бұл эстафетаның ең басты мақсаты – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.