Қоғам

Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыАлтынай Жорабаева мұқтаж отбасыға көмектесті
Алтынай Жорабаева мұқтаж отбасыға көмектесті  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елорда тұрғындары да эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында  ақпарат немесе видео жариялай алады

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. 30 игі іс акциясы аясында қазақстандық жұлдыздар елордалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін табыстады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қайырымдылық эстафетасы аясында кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері, әртістер мен түрлі ұйымдар соғыс және тыл ардагерлеріне, мұқтаж отбасыларға азық-түлік жиынтығын жеткізеді.

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыӘнші Ардақ Балажанова 30 игі іс акциясына қатысты
Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео  - Sputnik Қазақстан
Әнші Ардақ Балажанова 30 игі іс акциясына қатысты

Акцияға Алтынай Жорабаева, Ардақ Балажанова, Қайрат Нұртас секілді танымал әншілер де атсалысты.

"30 игі іс акциясына қатысқаныма шын жүректен қуаныштымын. Мерекеде төрт ұл, екі қыздың анасы Нұрзия ханыммен қауышып отырмыз. Қайырымдылық жасауға асығайық. Мереке құтты болсын!", - дейді әнші Ардақ Балажанова.

"Бізді елеп-ескеріп, құттықтап келіп жатқандарыңызға рахмет", - дейді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтыӘнші Қайрат Нұртас 30 игі іс акциясына қатысты
Алтынай Жорабаева мен Қайрат Нұртас мұқтаж отбасыларға көмектесті – видео  - Sputnik Қазақстан
Әнші Қайрат Нұртас 30 игі іс акциясына қатысты

Еске сала кетейік, "30 игі іс" акциясы барысында қатысушылар жалғыз басты зейнеткерлерге қар шығаруға, үй ішін тазалауға, көмір жеткізуге көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, еріктілер коммуналдық қызмет қызметкерлеріне ыстық шай мен бауырсақ таратқан болатын.

Бұл эстафетаның ең басты мақсаты – қала мен тұрғындар үшін игі іс жасау.

Қала тұрғындары эстафетаға қосылып, акция аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хештегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.

Жаңалықтар
0