Қоғам

Министрлік COVID-19-дан қайтыс болғандар статистикасын жариялады

Қазір республика бойынша 25 316 науқас емделіп жатыр, олардың ішінде 13 393 адамда коронавирус диагнозы расталса, 11 923 пациент COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 7 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, жалпы пандемия басталғалы COVID-19-дан 2166 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 159 адам ковидтік пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері барлығы 44 314 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, 466 науқас көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда 800-ге жуық адамда коронавирус анықталды

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір індеттен 25 316 науқас емделіп жатыр, олардың ішінде 13 393 адам вирус жұқтырған, ал 11 923 пациентте COVID-19 симптомдары бар пневмония расталды.

4 238 адам стационарда, 21 078 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Министрліктің ақпаратынша, 239 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 39 пациент хәл үстінде жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.