Қоғам

Министрлік COVID-19-дан қайтыс болғандар статистикасын жариялады

© REUTERS / AGUSTIN MARCARIANИнтенсивті терапия палатасында жатқан науқас
Интенсивті терапия палатасында жатқан науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір республика бойынша 25 316 науқас емделіп жатыр, олардың ішінде 13 393 адамда коронавирус диагнозы расталса, 11 923 пациент COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 7 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, жалпы пандемия басталғалы COVID-19-дан 2166 адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 159 адам ковидтік пневмонияға шалдықты. Бірінші тамыздан бері барлығы 44 314 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, 466 науқас көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Өткен тәулікте Қазақстанда 800-ге жуық адамда коронавирус анықталды

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір індеттен 25 316 науқас емделіп жатыр, олардың ішінде 13 393 адам вирус жұқтырған, ал 11 923 пациентте COVID-19 симптомдары бар пневмония расталды.

4 238 адам стационарда, 21 078 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

Министрліктің ақпаратынша, 239 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 39 пациент хәл үстінде жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0