НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 788 адамда коронавирус диагнозы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір тәулікте 788 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.
Оның ішінде:
- Шығыс Қазақстан облысында - 18023 (+69),
- Нұр-Сұлтан қаласында -17378 (+111),
- Алматы қаласында – 17278 (+77),
- Атырау облысында – 12283 (+77),
- Қарағанды облысында – 11571 (+30),
- Батыс Қазақстан облысында – 8672 (+27),
- Павлодар облысында – 7973 (+88),
- Солтүстік Қазақстан облысында – 7709 (+65),
- Қостанай облысында – 6609 (+70),
- Алматы облысында – 6362 (+49),
- Ақмола облысында – 6399 (+59),
- Шымкент қаласында - 5447 (+4),
- Жамбыл облысында – 4795 (+33),
- Ақтөбе облысында - 3600 (+12),
- Түркістан облысында – 3559 (+5),
- Маңғыстау облысында – 3529 (+10),
- Қызылорда облысында – 3336 (+2).
Қазақстанда пандемия басталғалы індетке шалдыққандар саны 144 523 адамға жетті.