Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда 800-ге жуық адамда коронавирус анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневАнализі бар түтікше, иллюстративті сурет
Анализі бар түтікше, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індетке шалдыққан науқастардың дені Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген – 111 адам, екінші орында – Павлодар облысы, 88 адам

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 788 адамда коронавирус диагнозы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір тәулікте 788 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 18023 (+69),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -17378 (+111),
  • Алматы қаласында – 17278 (+77),
  • Атырау облысында – 12283 (+77),
  • Қарағанды облысында – 11571 (+30),
  • Батыс Қазақстан облысында – 8672 (+27),
  • Павлодар облысында – 7973 (+88),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 7709 (+65),
  • Қостанай облысында – 6609 (+70),
  • Алматы облысында – 6362 (+49),
  • Ақмола облысында – 6399 (+59),
  • Шымкент қаласында - 5447 (+4),
  • Жамбыл облысында – 4795 (+33),
  • Ақтөбе облысында - 3600 (+12),
  • Түркістан облысында – 3559 (+5),
  • Маңғыстау облысында – 3529 (+10),
  • Қызылорда облысында – 3336 (+2).

Қазақстанда пандемия басталғалы індетке шалдыққандар саны 144 523 адамға жетті.

Жаңалықтар
0