"Мен не көргенімді білемін. Өтірік айтсам, түрмеге жабылатыным туралы құжатқа қол қойдым. Ал сіздер ше? Тіркелген сайлаушылар тізімінде жүздеген адамның мәліметі сәйкес келмейді. Яғни, сайлауға қатысқандар көрсеткіші 120 проценттен асып түсті".
Детройдтағы сайлау учаскелеріндегі заңбұзушылықтар жайлы Дональд Трамп командасының "жұлдызды куәгері" Мелисса Карон осындай куәлік білдірді. Ол сұрақ қойған сенатор сөзін бірнеше рет бөлді. Бұған президенттің жеке қорғаушысы Руди Джулиани де таңданыс білдірді. Нәтижесінде, Мелисса интернет-сенсацияға және Saturday Night Life әзіл-ысқақ шоуындағы пародия кейіпкеріне айналды.
Трамп жақтаушылары сайлау учаскелерінің қызметкерлері "ондаған мың" бюллетеньді сканерден екі рет өткізгенін, ал, дауыс санын есептеу орталығына сырттан дауыс беру парақшаларын қосымша жеткізілгенін дәлелдей алмады. "Жұлдызды куәгердің" бұрын сотты болғаны да оның сөзіне күмәнмен қарауға мәжбүр етті. Баспасөз Мелиссаның өз нақсүйерінің бұрынғы әйеліне ұятсыз видеолар жібергенін анықтады.
Сот тыңдалымында Трамп командасы қарашадағы сайлау нәтижелеріне қайта қарсылық білдіргісі келді. Алайда, сотқа алаяқтық айғақтарын ұсынар кезде қайта-қайта келеңсіздіктер бола берді.
Трамптың сайлау штабының өкілдері сайлаудан кейін бірден өңірлік соттарға шағымдануға кірісіп, айқын сәйкессіздіктерді алға тартты. Мысалы, Марикопа аризоналық округінде республикашыл сайлаушылар дауыс санын есептейтін аппараттар бюллетеньдерді мүлде есепке алмағанын, себебі, олар Sharpie фрмасының маркерлерімен толтырылғанын айтты.
Бірақ, сот отырысында куәгерлер өз сөздеріне өздері қайшы келді: дауыстар маркер салдарынан жоғалып кетпегенін айтты. Оның үстіне, айыптаушы адвокат Кори Лангхофер мұнда сөз алаяқтықта емес, абайсызда болған қателіктерде болып отырғанын мәлімдеді.
Сайлаушылардың бірі куәлік білдіру үшін ешкім оған пара ұсынбағанын, алайда, ақшадан бас тартпайтынын айтты.
Джорджиядағы сотта киберқауіпсіздік қызметінің қызметкері аппараттар есептеген дауыстар саны тіркелген сайлаушылар санынан асып кеткенін мәлімдеді. Бірақ, Джорджияда емес, Мичиганда. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі негізінен Миннесотаның елді мекендерінде болған көрінеді.
Кей елді мекендердегі президент заңгерлері сотқа жүгінгілері келгенімен, алаяқтықты айғақтайтын дәйекті дәлелдер таба алмады.
Өткен аптада Техас штаты бастамашы болған сот отырысы Америкадағы сайлау қорытындысына нүкте қояды деп күтілген еді. Техас шатытының бас прокуроры Джорджия, Мичиган, Пенсильвания және Висконсиндегі сайлау нәтижелерін жоққа шығару туралы шағымын Жоғарғы сотқа жолдады. Бұл талап арызға 17 штат қолдау білдірді.
Алайда, негіз боларлықтай дәлелдер ұсынылған жоқ. Жоғарғы сот талап арызды кері қайтарды. Сот құрамында Трамп тағайындаған әділдік өкілдерінің болуы да жағдайды қазіргі президент пайдасына өзгерте алмады.
Соңғы рет сайлау дауы 2000 жылы Жоғарғы сот арқылы шешілген болатын. Ол кезде демократ Альберт Гор мен республикашыл кіші Джордж Буш таққа таласты. Демократтардың талап етуі бойынша дауыстар қайта санаудан өтті. Әрбір бюллетень үшін талас жүрді. Бірақ, кім жеңгенін анықтау мүмкін болмады. Ақырында, Жоғарғы сот бастапқы нәтижелерді сайлау қорытындысы ретінде мойындау туралы шешім шығарып, Джордж Буш президент атанды.
Бұл жолы да осы жағдай қайталанып, Трамп тағайындаған соттар оның қалауын орындайды ма деген үрей болды. Бірақ, Жоғарғы соттағы қызмет өмір бойына созылатындықтан, төрешілер президенттің әуеніне төңкеріле қойған жоқ.
Сайлаушылар алқасының жиыны шешуші рөл ойнады. Әрбір штат өкілі дауыс берді. Олардың саны өңірдегі халық санына байланысты. Егер, сайлаушылар көп болса, онда бірнеше өкіл болады. Сондықтан, халық саны көп Калифорния мен Флоридадан сәйкесінше 55 және 38 сайлаушы қатысса, Солтүстік және Оңтүстік Дакотадан үш сайлаушы қатысты. Жеңіс үшін 270-тен астам дауыс жинау керек болды.
Бұл жолы барлығы жасалған болжамға сай болды: елде "барлығы жеңімпазға" деген ұстаным бар. Яғни, әрбір штаттағы көшбасшыға барлық жергілікті сайлаушының даусы беріледі. Ұнаса да, ұнамаса да осы.
Алтыншы қаңтарда конгрестің қос палатасы сайлаушылардың дауыс беру нәтижесін қарастырады. Сол кезде ғана Байденнің мінсіз жеңісі туралы жария етілмек. Бірақ, үшінші қаңтарда конгресс құрамы жаңартылады. Сондықтан, Трамп жеңілісін әлі де мойындамауы мүмкін. Бұл қазіргі президенттің соңғы мүмкіндігі болып отыр.