Әлем

Ұлттық банк өкілі Байденнің президент атануы қор нарығына қалай әсер ететінін айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы
Здание Национального банка Казахстана в Нур-Султане. Виды столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнайдың әлемдік бағасы белгілі бір деңгейде қысым аясында қалғаны аздай, коронавирус індетінің өршуі де оған ықпал етуде

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы нарыққа қалай әсер еткенін бағамдап көрді. Оның пікірінше, сайлау нәтижелері нарық қатысушылары арасындағы кейбір белгісіздіктерді жойды.

Төраға орынбасары өз сөзінде АҚШ президенттігіне үміткерлер арасындағы қызу жарысқа қарамастан, 4 күндік дауыстарды санаудың нәтижелері бойынша Демократиялық партияның атынан үміткер Джо Байден жеңіске жеткенін атап өтті.

"АҚШ-тағы сайлау нәтижелері нарыққа қатысушылардағы белгісіздіктің бір бөлігін жойды. Жаңа сайланған президент фискалды ынталандырудың кеңейтілген шараларын, Қытаймен сауда қатынастарындағы қатаңдығы аз байланысты жақтайды. Осының барлығы қор нарықтары тарапынан жақсы қабылдануы тиіс", – дейді Молдабекова.

Бірақ Сенатқа сайлау бойынша дауыстарды санау әлі де жалғасуда, бұл да алдағы болашақ пен сценарийлер тұрғысынан маңызды болады.

Молдабекованың түсіндіруінше, базалық сценарийді "бөлінген" Конгресс деп есептеуге болады. Онда республикашылдардың көпшілігі Сенатты, ал демократтар Өкілдер палатасын қолдайтын болады.

Осындай пікір білдірген ол өз сөзінде акциялар нарығы үшін бұл оң болып саналатынын жеткізді. Өйткені корпоративтік салықтардың өсуі мен технологиялық секторды реттеуді қатаңдату жүргізіледі деп болжанбайды.

"Бұл ретте, мұнайдың әлемдік бағасы қысымға ұшырап отыр. Бұған коронавирусты жұқтыру жағдайларының өсуінің жалғасуы және бірқатар елдерде қайта локдауынды енгізу қаупі әсер етуде. АҚШ-та карантин шараларын енгізу ықтималдығы өсіп келеді. Мұнайдың төмен бағасы төлем балансы арқылы және ішкі нарықта валюта ұсынысының төмен көлемі арқылы теңгеге қысым көрсетуін жалғастыруда", – дейді Молдабекова.

Мұнай бағасының бұдан кейінгі серпіні пандемия жағдайына және ОПЕК+ мүше елдердің шешімдеріне байланысты болады.

Ресей, Алжир және Ирак 2021 жылдың алғашқы айларында мұнай өндірудің шектеулі деңгейін сақтауды қолдап отыр.

Оқи отырыңыз: Энергетика министрі эпидемия мұнай саласына қалай әсер еткенін айтты

Айта кетейік, айдың ортасына қарай ОПЕК+ ведомствоаралық мониторинг комитетінің отырысы өтуге тиіс. Онда бағаның бір баррель үшін 40 доллардан төмен құлдырауына жол бермеу жөнінде ұсыныстар жасалуы мүмкін.

Жаңалықтар
0