Esil Winter қысқы қалашығы кез келген жастағы тұрғындарды қуана қарсы алуға әзір. Отбасымен, достармен, әріптестермен келуге болады. Спорт-сауықтыру алаңында түрлі ойындарға арналған жабдықтар бар. Жылыну үшін от жанып тұрған арнайы орынға баруға болады. Самаурын шайы немесе алкогольсіз глинтвейн ұсынылады. Алайда келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.
"COVID-19 пандемиясына байланысты барлық шараларға тыйым салынған кезде осындай алаң жасау идеясы туындады", - деді "Перекресток" ивент-агенттігінің ұйымдастырушысы Надежда Чернозубова Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Алаңда сан түрлі бағдарлама қарастырылған. Демалыс және мереке күндері аниматорлар балаларға арналған шаралар өткізеді. Шана, хаски, ойындар, бәрі қарастырылып отыр.
Жұмыс күндері 15.00-21.00 аралығында баруға болады (анимация және хаскисіз).
Демалыс күндері 12.00 - 21.00 (анимация және хаски – 12.00 – 18.00), кіру құны – ересектерге 1000 теңге, балалар үшін 500 теңге (5 жасқа дейін тегін).