Видео

Астана орталығында қысқы ертегі қалашығы ашылды – видео

Жазылу
Үйде отырудан жалықтыңыз ба? Уақытты пайдалы әрі қызықты өткізгіңіз келсе, орталық саябақтағы қысқы қалашыққа баруға асығыңыз. Самаурынға шай қайнатып, осы жерде жүрек жалғап алуға болады. Толығырақ видеода

Esil Winter қысқы қалашығы кез келген жастағы тұрғындарды қуана қарсы алуға әзір. Отбасымен, достармен, әріптестермен келуге болады. Спорт-сауықтыру алаңында түрлі ойындарға арналған жабдықтар бар. Жылыну үшін от жанып тұрған арнайы орынға баруға болады. Самаурын шайы немесе алкогольсіз глинтвейн ұсынылады. Алайда келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс. 

"COVID-19 пандемиясына байланысты барлық шараларға тыйым салынған кезде осындай алаң жасау идеясы туындады", - деді "Перекресток" ивент-агенттігінің ұйымдастырушысы Надежда Чернозубова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Алаңда сан түрлі бағдарлама қарастырылған. Демалыс және мереке күндері аниматорлар балаларға арналған шаралар өткізеді. Шана, хаски, ойындар, бәрі қарастырылып отыр.

Жұмыс күндері 15.00-21.00 аралығында баруға болады (анимация және хаскисіз).

Демалыс күндері 12.00 - 21.00 (анимация және хаски – 12.00 – 18.00), кіру құны – ересектерге 1000 теңге, балалар үшін 500 теңге (5 жасқа дейін тегін).

Жаңалықтар
0