Фото

Пандемия кезінде Аяз Ата әлем балаларын қалай қуантып жатыр – фото

Sputnik

Аяз Ата мен Санта-Клаус – планетадағы ең жұмбақ және таңғажайып жаратылыс. Олар бір түнде бүкіл әлемдегі балаларға миллиондаған сыйлық үлестіріп үлгереді.

Оқи отырыңыз: Хиджаб, костюм, етік: дизайнер мысықтарға сәнді киім тігеді – фото

Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты балаларды қуанту үшін қандай амал-әрекеттер жасалып жатқанын суреттерден көріңіз.

1 / 10
Аяз Ата киіміндегі ер адам мен эльф костюміндегі оның көмекшілері COVID-19 пандемиясына байланысты Римде балаларды Zoom арқылы құттықтауда.
2 / 10
Данияның Альборг хайуанаттар бағында Рождество маусымын ашатын Аяз Ата киіміндегі адам " Санта-Клаус көпіршігінің" ішінде отырып балалармен кездеседі.
3 / 10
Мексикалық Сьюдад-Хуарес ауылында балалар Санта-Клаус киіміндегі адамды автомобиль ішінде отырып тамашалауда.
4 / 10
Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы сауда орталығында Аяз ата бүлдіршін қызды шынының ар жағында тұрып қарсы алды.
5 / 10
Токиодағы Sunshine Aquarium-да су астындағы Рождество шоуы кезінде Санта-Клаус киіміндегі сүңгуір үлкен аквариумда жүзіп жүр.
6 / 10
Санта-Клаус кейпіне еніп, Рио-де-Жанейродағы аспалы жолмен Қант тауына көтеріліп бара жатқан ерікті.
7 / 10
Аяз Ата киіміндегі палестиналық даяшы Газа жағалауындағы дәмханалардың бірінде тапсырыс қабылдап жатыр.
8 / 10
Santa's Grotto Live акциясы кезінде Санта-Клаус киімін киген адам Zoom арқылы отбасымен сөйлесіп, камера алдында қол бұлғап тұр. Santa's Grotto Live – онлайн-қызмет көрсетумен айналысатын британдық компания. Олар Рождество мерекесін таңғажайып әлем сияқты етіп көрсету үшін әсем безендірілген үңгірлерден бейнеқоңыраулар ұсынады.
9 / 10
Канададағы Кингстон қаласының тұрғындары үшін Санта Клаустың отбасылық Рождестволық фотосессиясы ерекше болды – Аяз Ата шыны қабырғаның арғы бетінде отыр.
10 / 10
Аяз Ата киіміндегі Янош Немеш Будапешттегі фотостудияда балалармен видео арқылы сөйлеседі.