https://sputnik.kz/20201215/Pandemiya-Ayaz-Ata-balalar-foto-15731988.html
Пандемия кезінде Аяз Ата әлем балаларын қалай қуантып жатыр – фото
Пандемия кезінде Аяз Ата әлем балаларын қалай қуантып жатыр – фото
Sputnik Қазақстан
Биыл Жаңа жыл мен Рождество ерекше жағдайда тойланып жатыр. Коронавирус мерекелік дәстүрлі шараларға да өзгерістер енгізді 15.12.2020, Sputnik Қазақстан
2020-12-15T13:18+0500
2020-12-15T13:18+0500
2022-02-01T13:05+0500
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15715710_0:153:3072:1891_1920x0_80_0_0_0e83f13f7effef367daa446fab22f095.jpg
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2020
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15715710_0:57:3072:1987_1920x0_80_0_0_3085a139a9f29f3d86dc82daa009a4cb.jpg Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа
Пандемия кезінде Аяз Ата әлем балаларын қалай қуантып жатыр – фото 13:18 15.12.2020 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022 )
Биыл Жаңа жыл мен Рождество ерекше жағдайда тойланып жатыр. Коронавирус мерекелік дәстүрлі шараларға да өзгерістер енгізді
Аяз Ата мен Санта-Клаус – планетадағы ең жұмбақ және таңғажайып жаратылыс. Олар бір түнде бүкіл әлемдегі балаларға миллиондаған сыйлық үлестіріп үлгереді.
Оқи отырыңыз: Хиджаб, костюм, етік: дизайнер мысықтарға сәнді киім тігеді – фото
Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты балаларды қуанту үшін қандай амал-әрекеттер жасалып жатқанын суреттерден көріңіз.
© REUTERS / Guglielmo Mangiapane Аяз Ата киіміндегі ер адам мен эльф костюміндегі оның көмекшілері COVID-19 пандемиясына байланысты Римде балаларды Zoom арқылы құттықтауда.
Аяз Ата киіміндегі ер адам мен эльф костюміндегі оның көмекшілері COVID-19 пандемиясына байланысты Римде балаларды Zoom арқылы құттықтауда.
© REUTERS / Ritzau Scanpix/Henning Bagger Данияның Альборг хайуанаттар бағында Рождество маусымын ашатын Аяз Ата киіміндегі адам " Санта-Клаус көпіршігінің" ішінде отырып балалармен кездеседі.
Данияның Альборг хайуанаттар бағында Рождество маусымын ашатын Аяз Ата киіміндегі адам " Санта-Клаус көпіршігінің" ішінде отырып балалармен кездеседі.
© REUTERS / Jose Luis Gonzalez Мексикалық Сьюдад-Хуарес ауылында балалар Санта-Клаус киіміндегі адамды автомобиль ішінде отырып тамашалауда.
Мексикалық Сьюдад-Хуарес ауылында балалар Санта-Клаус киіміндегі адамды автомобиль ішінде отырып тамашалауда.
© REUTERS / Lim Huey Teng Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы сауда орталығында Аяз ата бүлдіршін қызды шынының ар жағында тұрып қарсы алды.
Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы сауда орталығында Аяз ата бүлдіршін қызды шынының ар жағында тұрып қарсы алды.
© REUTERS / Kim Kyung-Hoon Токиодағы Sunshine Aquarium-да су астындағы Рождество шоуы кезінде Санта-Клаус киіміндегі сүңгуір үлкен аквариумда жүзіп жүр.
Токиодағы Sunshine Aquarium-да су астындағы Рождество шоуы кезінде Санта-Клаус киіміндегі сүңгуір үлкен аквариумда жүзіп жүр.
© AFP 2024 / Mauro Pimentel Санта-Клаус кейпіне еніп, Рио-де-Жанейродағы аспалы жолмен Қант тауына көтеріліп бара жатқан ерікті.
Санта-Клаус кейпіне еніп, Рио-де-Жанейродағы аспалы жолмен Қант тауына көтеріліп бара жатқан ерікті.
© REUTERS / Mohammed Salem Аяз Ата киіміндегі палестиналық даяшы Газа жағалауындағы дәмханалардың бірінде тапсырыс қабылдап жатыр.
Аяз Ата киіміндегі палестиналық даяшы Газа жағалауындағы дәмханалардың бірінде тапсырыс қабылдап жатыр.
© AFP 2024 / Niklas Halle'n Santa's Grotto Live акциясы кезінде Санта-Клаус киімін киген адам Zoom арқылы отбасымен сөйлесіп, камера алдында қол бұлғап тұр. Santa's Grotto Live – онлайн-қызмет көрсетумен айналысатын британдық компания. Олар Рождество мерекесін таңғажайып әлем сияқты етіп көрсету үшін әсем безендірілген үңгірлерден бейнеқоңыраулар ұсынады.
Santa's Grotto Live акциясы кезінде Санта-Клаус киімін киген адам Zoom арқылы отбасымен сөйлесіп, камера алдында қол бұлғап тұр. Santa's Grotto Live – онлайн-қызмет көрсетумен айналысатын британдық компания. Олар Рождество мерекесін таңғажайып әлем сияқты етіп көрсету үшін әсем безендірілген үңгірлерден бейнеқоңыраулар ұсынады.
© AFP 2024 / Lars Hagberg Канададағы Кингстон қаласының тұрғындары үшін Санта Клаустың отбасылық Рождестволық фотосессиясы ерекше болды – Аяз Ата шыны қабырғаның арғы бетінде отыр.
Канададағы Кингстон қаласының тұрғындары үшін Санта Клаустың отбасылық Рождестволық фотосессиясы ерекше болды – Аяз Ата шыны қабырғаның арғы бетінде отыр.
© REUTERS / Bernadett Szabo Аяз Ата киіміндегі Янош Немеш Будапешттегі фотостудияда балалармен видео арқылы сөйлеседі.
Аяз Ата киіміндегі Янош Немеш Будапешттегі фотостудияда балалармен видео арқылы сөйлеседі.