Қоғам

Маңғыстауда видеоға түсіп қалған бапкердің әрекеті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Видеода волейбол командасының жаттықтырушысы оқушылардың бірінің басынан нұқып, шапалақпен тартып жібереді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше, 14 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылының спорт кешенінде болған, деп хабарлайды жергілікті "Лада" басылымы.

Жаңаөзен қаласының волейболдан қыздар құрамасының жаттықтырушысы топтағы бір қыздың бетінен ұрып, басынан нұқыған. 

Екінші топтағы қыздардың бірінің анасы мұндай қорлықты видеоға түсіріп алған.

Спортшыларды тәрбиелеудегі жаттықтырушының мұндай әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді.

"Осыдан кейін кім қызын спортқа береді?", – деп сұрақ қойды Instagram-дағы оқырмандардың бірі.

Оқи отырыңыз: Ақтауда шәкіртін зорлаған бапкерге сот үкімі шықты