07:21 21 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1582 0 0

Ер адам жаттықтырушы ретінде өзінің ықпал ететінін түсініп, оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстауда кәмелетке толмаған қызды зорлаған жаттықтырушы 14 жылға сотталды. Сонымен қатар, оның педагогикалық және жаттықтырушылық қызмет атқару құқы да шектелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

8 желтоқсан күні Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелет жасқа толмаған шәкіртін зорлаған жаттықтырушыға қатысты іс бойынша үкім шығарды.

Ер адам жасөспірімдерді спорттың каратэ-до түрімен жаттықтырған. Сондай-ақ, ол жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұрып, оның сенімін пайдаланған. Яғни, өзінің жаттықтырушы ретінде ықпал ететінін түсініп, оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Бұл деректер сот процесі кезінде анықталды.

Сондықтан да прокурор айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілдері прокурормен келісті. Ал қорғаушы тарап сотталушының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық болмауына байланысты оны ақтауды сұрады. Сотталушының өзі болса кінәсін мойындамады.

"Істің нақты мән-жайын ескере отырып сот айыпталушы С-ны Қылмыстық кодекстің 3-1 бөлігінің 120-бабы, 1, 2-тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталушыны жазаның орташа мөлшері болатын мерзімде педагогикалық және жаттықтырушылық қызметтерді атқару құқығынан айырды. Мұндай шешім қабылдауда оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны да ескерілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, сотталушыны криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 2020 жылдың 8 мамырында күдікті ретінде ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Оқушыны зорлап, ақша бопсалаған Абай ауылының экс-полицейіне үкім шықты

Тақырып бойынша

Ата-анасы кешірген жоқ: Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты
Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты – видео
Қостанай облысында полицейді өлтірген қылмыскерге үкім шықты
Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты
Ақтөбеде кішкентай қызға азғындық жасаған 74 жастағы тұрғынға үкім шықты
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, баланы зорлау ісі, бала құқығы
Загрузка...

Басты тақырып