Оқиға

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды

Жол апатынан алты адам зардап шекті. Барлығы Балқаш ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында жолаушылар автобусы аударылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Ресми мәліметке сәйкес, жексенбі, 13 желтоқсан күнгі сағат 12.45-те "Алматы - Екатеринбург" тасжолында Гүлшат ауылынан он шақырым шалғай жерде Mercedes маркалы автобус аударылды. Жол апаты кезінде салонда 11 жолаушы және бір жүргізуші болды.

"Алты адам жарақат алды. Олардың бәрін Балқаш ауруханасына жеткізілді. Автобус жолдан шығып, аударылып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді құтқарушылар. 

Айта кетейік, қарашаның соңында Қарағанды облысында дәл осындай жол апаты болды. "Қарағанды – Есенгелді" тас жолында автобус басқа көлікке соғылып, аударылды.

Салонда 40 жолаушы болған. 65 жастағы бір әйелді ауруханаға жеткізілген болатын.