Саясат

Путин: Қазақстан әлемдік аренада үлкен беделге ие

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.  

Владимир Путин өзінің құттықтауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму ісінде зор табысқа қол жеткізгенін, әлемдік аренада үлкен беделге ие екенін, халықаралық өзекті проблемаларды шешуде маңызды әрі конструктивті рөл атқаратынын атап өткен.

Трамп қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
"Мемлекеттеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар табысты дамып келе жатқаны қуантады. Біз күш біріктіре отырып, барлық екіжақты байланыстарды, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым, ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты  одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін", – делінген Ресей президентінің жеделхатында.

Сондай-ақ Путин екі ел де еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолымен келе жатқанын атап өтті.

"Өзіңізге зор денсаулық пен табыс, ал барлық достас Қазақстан азаматтарына шын жүректен бақ-береке тілеймін", – деп түйіндеген Ресей басшысы.