Қоғам

Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді

Барлық баласынан айырылып, көп қайғы шеккен Ситерлер отбасына қуаныш келді, деп жазды блогер Тәңірберген Бердоңғаров   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Жұмада Ситерлер отбасында бала дүниеге келгені белгілі болды.

Қуанышты жаңалықты блогер Тәңірберген Бердоңғаров жариялады.

"Өртте барлық баласынан айырылып, көп қайғы шеккен Ситерлер отбасын құттықтаймын. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл бала дүниеге келді!" - деп жазды блогер өзінің Instagram парақшасында.   

"Времянкадағы" өрттен бес бала көз жұмды

2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Нұр-Сұлтандағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кетті. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың мәйітін тапты.

Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді

Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыздардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.

Сол түні балалардың ата-анасы жұмыста болған.

"Анашым, біз жанып жатырмыз": бес қызынан айырылған ата-ананың қасіретке толы әңгімесі 

Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, көпбалалы аналар көшеге шығып, өз проблемаларын жеткізді. Қазақстандықтар бес қызынан айырылған отбасыға көмектесу үшін ақша жинау науқанын бастады.