Қоғам

Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Барлық баласынан айырылып, көп қайғы шеккен Ситерлер отбасына қуаныш келді, деп жазды блогер Тәңірберген Бердоңғаров   

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Жұмада Ситерлер отбасында бала дүниеге келгені белгілі болды.

Қуанышты жаңалықты блогер Тәңірберген Бердоңғаров жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Танирберген Бердонгар (@tanirbergen)

"Өртте барлық баласынан айырылып, көп қайғы шеккен Ситерлер отбасын құттықтаймын. Бүгін олардың үйіне қуаныш келді! Ұл бала дүниеге келді!" - деп жазды блогер өзінің Instagram парақшасында.   

"Времянкадағы" өрттен бес бала көз жұмды

2019 жылдың 4 ақпанына қараған түні Нұр-Сұлтандағы Көктал-1 тұрғын алабында, жеке үйдің аумағында уақытша баспана өртеніп кетті. Құтқарушылар 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туған бес қыздың мәйітін тапты.

© Sputnik / Владислав ВодневӨртте қаза тапқан 5 қызды жерлеу рәсімі
Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді - Sputnik Қазақстан
Өртте қаза тапқан 5 қызды жерлеу рәсімі

Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қыздардың ата-анасы мен туыстарына көңіл айтты.

Сол түні балалардың ата-анасы жұмыста болған.

"Анашым, біз жанып жатырмыз": бес қызынан айырылған ата-ананың қасіретке толы әңгімесі 

Бұл трагедия бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді, көпбалалы аналар көшеге шығып, өз проблемаларын жеткізді. Қазақстандықтар бес қызынан айырылған отбасыға көмектесу үшін ақша жинау науқанын бастады.

Жаңалықтар
0