Фото

Хиджаб, костюм, етік: дизайнер мысықтарға сәнді киім тігеді – фото

Sputnik

Жануарларға арналған киім оларды салқын күндері суықтан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оларға сән береді. Қазір көшеде әдемі киім киген мысықты көргенде ешкім таңғалмайды. Олар сүйкімді аяқ киім киіп, серуенге шығады.

Үй жануарларына жеке стандарттар бойынша киім тігетін арнайы салондар да бар.

Дизайнерлер үй жануарына арнап әдемі киімдер тігеді, оларды түрлі-түсті моншақпен безендіретіндері де бар. Аксессуар таңдап, жаздық бас киім, аяқ киім, сөмке де тігеді. Көп жағдайда жануардың иесі оның да дәл өзі секілді киінгенін қалайды.

Жалпы алғанда жануарға арналған киім кейінгі кезде танымал болып барады. Индонезиялық дизайнер Фреди Лугина Приади мысықтарға арналған ерекше киім тігумен айналысады. Ол бұрын қарапайым мұғалім болып жұмыс істеген.

Ол үй жануарларын супер қаһармандардың, мультфильмдер мен ертегі кейіпкерінің костюмдеріне, медбикелер мен әскери формаға киіндіреді.

Сонымен қатар мысықтарға әдемі хиджаб тігеді, ол үй жануары иелерінің арасында ерекше сұранысқа ие.

1 / 8
Үй жануарларына арналған киім оларды суықтан ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар сұлулық үшін тігіледі.
2 / 8
Кейінгі кезде Индонезияда мысықтарға арналған хиджабтар танымал бола бастады. Бұл стильді бұрын мұғалім болып жұмыс істеген Фреди Лугина Приади бастады.
3 / 8
Фреди Лугина Приади мысықтарға арнап түрлі костюм тігеді, оның ішінде супер қаһармандар мен ертегі, мультфильм кейіпкерлері де бар.
4 / 8
39 жастағы дизайнер үй жануарының ерекше киім кигенін қалайтын адамдармен жұмыс істейді. Фотода: мысыққа арналған киімдер
5 / 8
Көп жағдайда ит асырайтын адамдар жануардың киім киюіне назар аударады. Себебі олар салқын жерде көп серуендейді. Алайда үйдегі мысықты да ұмытпаған жөн.
6 / 8
Фреди Лугина Приади бұл бизнесті үш жыл бұрын қолға алған. Егер ол күніне кемінде мысықтың төрт киімін сатса, айына 200 доллардан аста ақша табады.
7 / 8
2020 жылдың топтамасына Бэтмен, Супермен, Тор, ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ медбике мен әскери қызметкердің киімі кірді. Арасында дәстүрлі ислам киімдері де бар.
8 / 8
Алайда үй жануарлары өзіне киім кигізіп жатқанда қарсылық білдіреді. Сол себепті дизайнер жануарды ұзақ уақыт киіндіріп қоюға болмайтынын айтты. Ал оларға киім таңдар кезде жайлы болуын бірінші орынға қою қажет.