Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Хиджаб, костюм, етік: дизайнер мысықтарға сәнді киім тігеді – фото

Жазылу
Индонезиялық дизайнер үй жануарларына арналған киімдер тігеді. Олар да соңғы үлгідегі киім киеді. Кейде бұл өте қызық әрі сәнді көрінеді. Ал киім киген мысық адамның көңіл күйін көтереді

Жануарларға арналған киім оларды салқын күндері суықтан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар оларға сән береді. Қазір көшеде әдемі киім киген мысықты көргенде ешкім таңғалмайды. Олар сүйкімді аяқ киім киіп, серуенге шығады.

Үй жануарларына жеке стандарттар бойынша киім тігетін арнайы салондар да бар.

Дизайнерлер үй жануарына арнап әдемі киімдер тігеді, оларды түрлі-түсті моншақпен безендіретіндері де бар. Аксессуар таңдап, жаздық бас киім, аяқ киім, сөмке де тігеді. Көп жағдайда жануардың иесі оның да дәл өзі секілді киінгенін қалайды.

Жалпы алғанда жануарға арналған киім кейінгі кезде танымал болып барады. Индонезиялық дизайнер Фреди Лугина Приади мысықтарға арналған ерекше киім тігумен айналысады. Ол бұрын қарапайым мұғалім болып жұмыс істеген.

Ол үй жануарларын супер қаһармандардың, мультфильмдер мен ертегі кейіпкерінің костюмдеріне, медбикелер мен әскери формаға киіндіреді.

Сонымен қатар мысықтарға әдемі хиджаб тігеді, ол үй жануары иелерінің арасында ерекше сұранысқа ие.

© REUTERS / Yuddy Cahya BudimanҮй жануарларына арналған киім оларды суықтан ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар сұлулық үшін тігіледі.
Кошка в косплей-костюме - Sputnik Қазақстан
1/8
Үй жануарларына арналған киім оларды суықтан ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар сұлулық үшін тігіледі.
© REUTERS / Yuddy Cahya BudimanКейінгі кезде Индонезияда мысықтарға арналған хиджабтар танымал бола бастады. Бұл стильді бұрын мұғалім болып жұмыс істеген Фреди Лугина Приади бастады.
Индонезийский дизайнер Fredi Lugina Priadi со своим котом в косплей-костюме - Sputnik Қазақстан
2/8
Кейінгі кезде Индонезияда мысықтарға арналған хиджабтар танымал бола бастады. Бұл стильді бұрын мұғалім болып жұмыс істеген Фреди Лугина Приади бастады.
© REUTERS / Ajeng Dinar UlfianaФреди Лугина Приади мысықтарға арнап түрлі костюм тігеді, оның ішінде супер қаһармандар мен ертегі, мультфильм кейіпкерлері де бар.
Кошка в косплей-костюме - Sputnik Қазақстан
3/8
Фреди Лугина Приади мысықтарға арнап түрлі костюм тігеді, оның ішінде супер қаһармандар мен ертегі, мультфильм кейіпкерлері де бар.
© REUTERS / Yuddy Cahya Budiman39 жастағы дизайнер үй жануарының ерекше киім кигенін қалайтын адамдармен жұмыс істейді. Фотода: мысыққа арналған киімдер
Косплей-костюмы для кошек, сшитые в Индонезии - Sputnik Қазақстан
4/8
39 жастағы дизайнер үй жануарының ерекше киім кигенін қалайтын адамдармен жұмыс істейді. Фотода: мысыққа арналған киімдер
© REUTERS / Ajeng Dinar UlfianaКөп жағдайда ит асырайтын адамдар жануардың киім киюіне назар аударады. Себебі олар салқын жерде көп серуендейді. Алайда үйдегі мысықты да ұмытпаған жөн.
Кошка в косплей-костюме - Sputnik Қазақстан
5/8
Көп жағдайда ит асырайтын адамдар жануардың киім киюіне назар аударады. Себебі олар салқын жерде көп серуендейді. Алайда үйдегі мысықты да ұмытпаған жөн.
© REUTERS / Yuddy Cahya BudimanФреди Лугина Приади бұл бизнесті үш жыл бұрын қолға алған. Егер ол күніне кемінде мысықтың төрт киімін сатса, айына 200 доллардан аста ақша табады.
Индонезийский дизайнер Fredi Lugina Priadi шьет косплей-костюм для кошки - Sputnik Қазақстан
6/8
Фреди Лугина Приади бұл бизнесті үш жыл бұрын қолға алған. Егер ол күніне кемінде мысықтың төрт киімін сатса, айына 200 доллардан аста ақша табады.
© REUTERS / Yuddy Cahya Budiman2020 жылдың топтамасына Бэтмен, Супермен, Тор, ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ медбике мен әскери қызметкердің киімі кірді. Арасында дәстүрлі ислам киімдері де бар.
Кошка в косплей-костюме - Sputnik Қазақстан
7/8
2020 жылдың топтамасына Бэтмен, Супермен, Тор, ертегі кейіпкерлері, сондай-ақ медбике мен әскери қызметкердің киімі кірді. Арасында дәстүрлі ислам киімдері де бар.
© REUTERS / Ajeng Dinar UlfianaАлайда үй жануарлары өзіне киім кигізіп жатқанда қарсылық білдіреді. Сол себепті дизайнер жануарды ұзақ уақыт киіндіріп қоюға болмайтынын айтты. Ал оларға киім таңдар кезде жайлы болуын бірінші орынға қою қажет.
Кошка в косплей-костюме на руках у хозяина - Sputnik Қазақстан
8/8
Алайда үй жануарлары өзіне киім кигізіп жатқанда қарсылық білдіреді. Сол себепті дизайнер жануарды ұзақ уақыт киіндіріп қоюға болмайтынын айтты. Ал оларға киім таңдар кезде жайлы болуын бірінші орынға қою қажет.
Жаңалықтар
0