Әлем

Ресейлік сарапшы "Спутник V" вакцинасына кедергі жасалып жатқанын айтты

Батыста "Спутник V" препаратына қарсы ақпараттық науқан жүргізіліп, НАТО елдері Ресейді тежеуге күш салып жатыр, деп атап өтті Коротченко  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Әскери сарапшы Игорь Коротченко "РИА Новости" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Батыстың коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын қаралауға тырысуы мен НАТО елдерінің Ресейді тежеуге бағытталған әскери әрекеттерінің арасында байланыс бар екенін мәлімдеді.   

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков шетелде ресейлік "Спутник V" вакцинасының беделін түсіру үшін арнайы қаражат бөлінгенін айтты. Ол жақын уақытта вакцинаның "қауіптілігі" мен "вакциналаудан жаппай бас тартудың" куәгерлері мен "псевдоаналитикалық" зерттеулер топтамасы пайда болатыны туралы ескертті. 

COVID-ке қарсы ресейлік вакцина Қарағандыда өндірілуі мүмкін
Сарапшы вакцина әзірлеуді үлкен саясат пен ұлттық қауіпсіздік мәселесі деп атады. Жалпы, Коротченконың айтуынша, " Спутник V" препаратына қарсы ақпараттық науқан батыстың Ресейді тежеу бойынша әскери күш салуларымен қоса жүргізіліп жатыр.

"Бұл ресейлік вакцинаны қаралап, оның халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасау әдістері. Себебі, оған ондаған мемлекет қызығушылық танытып отыр. Вакцинаның әлемдік нарыққа шығуына кедергі келтіру әскери әрекеттермен байланысты. Сондықтан, бұл НАТО елдері, ең алдымен, АҚШ тарапынан Ресей Федерациясына қарсы іс-әрекеттердің кешенді саясаты", - деді сарапшы.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі тамыз айында коронавирустың алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы вакцинаны тіркеді. Бұл препарат Гамалея атындағы ҰЭМЗО-да әзірленді. Вакцина адамның зерттелген және тексерілген аденовирустық векторында жасалды. Қауіпсіздік, тиімділік және ұзақ мерзімді кері әсерлерінің болмауы оның басты артықшылығы болып табылады.