НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен ковидтік пневмониядан он үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте COVID-19-дан 9 пациент көз жұмса, пневмониядан 4 адам қайтыс болды.
Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр. 9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
237 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 32 адам хәл үстінде жатыр.
43 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.