Қоғам

Бір тәулікте қанша қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

© AP Photo / Armando FrancaДәрігер интенсивті терапия палатасында пациенттің қолын ұстап тұр
Дәрігер интенсивті терапия палатасында пациенттің қолын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір төрт мыңға жуық науқас стационарларда жатыр, 237 пациенттің жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен ковидтік пневмониядан он үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте COVID-19-дан 9 пациент көз жұмса, пневмониядан 4 адам қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 13 818 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 999 бала бар. Стационарларда 3 862 науқас жатыр.  9 956 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

237 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 32 адам хәл үстінде жатыр.

43 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0