Түрлі бағыттағы ауа ағыны және биіктіктің күрт өзгеруі жағдайында ұшу аппараттарына оңай болмасы анық. Сәл бұрынырақ дәл осы өңірде ресейлік "Ансат" және Ми-171А2 тікұшақтары да сынақтан өткен болатын.
Ми-26Т2В әскери-көлік тікұшағының топтамалық өндірісі мемлекеттік сынақтардан кейін 2021 жылдың басында іске асырылады. Қорғаныс министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі үшін Ми-26 арктикалық модификациясы әзірленіп жатыр. Ауыр тікұшақтың алғашқы сынақ үлгісі 2022 жылы пайда болады. Алдыңғы модификациясында бұл тікұшақ таулы аймақтағы жүк көтерімділігі бойынша жеті рет әлемдік рекорд орнатқан еді.
Ми-28НМ мен Ми-26Т2В тікұшақтарының экспорттық әлеуеті ауқымды және ол ресейлік авиатехниканы дәстүрлі қолданып келе жатқан мемлекеттердің назарын өзіне аударып отыр. Жаңа Ми-28НМ технологиялық мүмкіндіктерін сақтай отырып, тікұшақтар паркін жаңғыртуға және бірегейлендіруге мүмкіндік береді. "Роствертолдың" винт қанатты алыптары әлемнің түрлі елдерінде кеңінен қолданылып жүр.
Түнгі уақытқа бейімделген Ми-28НМ жаңа буынның соғыс тікұшағы Ми-28Н ұшу аппаратынан кез келген ауа райы жағдайында, күндіз де, түнде де нысанаға дәл соққы жасау қабілетімен ғана ерекшеленбейді. "Ұшатын танкі" айналаны шолудың ерекше радиолокациялық станциясымен, Ресейде жасалған қуатты қозғалтқыштарымен, басқару жүйесімен және қарсыластың әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралдарымен жабдықталған.
Американың Forbes басылымы жаңа Ми-28НМ тікұшағын қолданудың жылдамдығы (300 км/сағ) мен соғыста қолдану радиусына (450 км), "Циркон"секілді жылдам қозғалатын қанатты зымырандарды тасымалдауына қатысты алаңдап отыр. Айта кету керек, жаңғырту жауынгерлік ақпараттық жүйеге әсер етті. Басқарудың екінші кешені экипаж мүшесінің бірі жараланған жағдайдағы машинаның соғысу қабілетін арттырады. Яғни, Ми-28НМ кабинасы 20 миллимтерге дейінгі калибрлі снарядтардан сенімді қорғалған.
ВК-2500 жаңа қозғалтқышы температураның кең диапазонында қолдануға қабілетті, автоматты басқарудың жаңғыртылған жүйесімен және өртке қарсы қорғанысымен ерекшеленеді. Мұның барлығы ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қызмет көрсетуді жеңілдетеді және техникалық сипаттамаларды жақсартады. Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі қуаты мен ресурсы айтарлықтай артты.
Сол сияқты, Ми-26 әскери-көлік тікұшағы әлемдегі ең үлкен әрі қуатты әуе кемесі болып табылады. Ми-26Т2В жаңа модификациясы тәулік бойы қолданумен, заманауи авионикасымен, 25 тоннаға дейінгі жүк көтерімділігімен ерекшеленеді. Ұшу ұзақтығы 4600 метрге дейінгі биіктіктерде сағатына 270 км/сағ дейінгі жылдамдықпен 800 км құрайды.
Жаңа Ми-26Т2В "Витебск" борттық қорғаныс кешенімен және цифрлық пилотаждық кешенімен жабдықталған. Радиоэлектрондық жабдық автоматты режимде бағдар бойынша ұшуға, белгіленген нүктеге жетуге және сол жерге қонуға, негізгі немесе қосымша аэродромдарға қайтуға мүмкіндік береді. Кабинаның көлемі мен Ми-26 жүк көтерімділігі мотоатқыштар дивизиясының жүктері мен әскери техниканы тасымалдауға мүмкіндік береді. Жүк бөліміне көлемі үлкен көліктерді оңай сыйып кетеді. Ресей қорғаныс министрлігі осындай тағы 10 машина сатып алмақшы.