Өңірлер

Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді

© Photo : Пресс-служба комитета по ЧС МВД Казахстана Самый большой вертолет в мире Ми-26Т вылетел в Восточный Казахстан для тушения лесного пожара
Самый большой вертолет в мире Ми-26Т вылетел в Восточный Казахстан для тушения лесного пожара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті өрт ошақтарын жою үшін құтқарушыларға көмек көрсетуге жеке құрам да жіберілгенін хабарлады

АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында шыққан өртті сөндіру үшін әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілді. Оның бір ұшқанда он тонна су шашуға мүмкіндігі бар.

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямШығыс Қазақстанның құтқарушыларына көмекке Көкшетау гарнизонының жеке құрамы да жіберілді
Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді - Sputnik Қазақстан
Шығыс Қазақстанның құтқарушыларына көмекке Көкшетау гарнизонының жеке құрамы да жіберілді

Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті қарағайлы орманындағы өрт ошақтарын жою және өртті сөндіру үшін құтқарушыларға техникадан басқа жеке құрам да көмек көрсетуге жіберілгенін хабарлады.

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациям КазахстанаӘлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы
Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Шығыс Қазақстанда басталған өртті сөндіруге жіберілді - Sputnik Қазақстан
Әлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы

"Сағат 07:45-те Көкшетаудан әлемдегі ең үлкен суағар құрылғысы бар Ми-26Т тікұшағы ұшты. Борт бір ұшқанда он тонна су шашатын болады. Сонымен қатар бортта Көкшетау гарнизоны жеке құрамының 30 адамы бар, олар өртті сөндіруге атсалысады", - делінген ТЖК хабарламасында.

Айта кетейік, 23 сәуірде Қазақстанның шығысында "Семей Орманы" резерватының аумағында өрт басталды. Кешке қарай өрттің 300 гектар аумаққа тарағаны белгілі болды.

Шығыс Қазақстанда төтенше оқиға болды - 200 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Бұған дейін өртті сөндіруге 26 өрт сөндіру көлігі, төрт орман өрті кешені, аспалы құрал-жабдығы бар үш трактор мен екі патруль көлігі, бір МИ-2 тікұшағы және 75-тен аса адам жұмылдырылғаны хабарланды.

Жаңалықтар
0