Өңірлер

Күйеуі жазған SMS-тен күдіктенген: Түркістан облысында қызын зорлаған педофил сотталды

Анасы күйеуінің тұңғышына жазған күдікті хабарламаларын көріп қойған. Қызымен сөйлескеннен кейін күйеуінің қызын зорлағанын білген
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында қызын зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Істің мән-жайын Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов айтып берді.

"Мен де әкемін, тергеу саласында біраз жылдан бері жұмыс істеймін. Әртүрлі қылмыскерді көрдім. Алайда мұндай жағдайлар әрдайым таңғалдырады. Жыл басында Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонынан күйеуі жазған хабарламаны кездейсоқ көріп қалған. Хабарлама мәтіні күдік тудырған. Қызымен ашық сөйлескеннен кейін ол күйеуінің өз баласын зорлап жүргенін түсінген", - деді Жалғасов.

Арыз бірден Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша бірыңғай тізілімде тіркелді.  

"Сотқа дейінгі тергеу барысында біз бұл отбасы есепке алынбағанын анықтадық. Отбасының әкесі Ресейде вахталық қызметте, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істеген. Бес бала өсіп жатқан қарапайым отбасы. Үлкен қызы зорлықшы әкенің құрбаны болды. Біз барлық тергеу әрекетін жүргіздік. Жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамады. Бәрін жоққа шығарды. Мұның бәрін қызы ойлап тапқанын айтты", - деді Жалғасов.

Полицейлер өгей әкесі мен ағасы зәбірлеген қыздың тағдыры туралы әңгімеледі

Дәлелді біртіндеп жинауға тура келген, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақыт кетті.

"Осы уақыт ішінде бірқатар сараптама тағайындалды. Ер адамның кінәсін дәлелдеу үшін бірқатар іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс қозғалды. Әр том 180 беттен тұрады. Жазда айыптау ісі сотқа жіберілді. Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Зорлықшы әке 20 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді тергеу басқармасының бастығы.