НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы 2021 жылғы 11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен айда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысын өткізді.
Оқи отырыңыз: Назарбаев 11 желтоқсанда өтетін жиынға қатысады
Сондай-ақ, депутаттар 11 қаңтар күні ҚХА сессиясында сайланатыны белгілі болды.
Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.
Алдағы сайлауда мәжіліс мандатына бес партия таласады. Олар:
- Nur Otan;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы;
- Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер);
- "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
- "Адал" партиясы.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – консультативтік-кеңесші орган. Оның міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға үлес қосу. ҚХА 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Қазақстанның тұңғыш президентіне Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы берілді.