Саясат

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды   

© Photo : официальный сайт АНКЕлбасы Нурсултан Назарбаев и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании XXVII сессии Ассамблеи народа Казахстана
Елбасы Нурсултан Назарбаев и президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании XXVII сессии Ассамблеи народа Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы елорданың Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың сайты.  

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма сегізінші сессиясы 2021 жылғы 11 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен айда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысын өткізді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев 11 желтоқсанда өтетін жиынға қатысады 

Сондай-ақ, депутаттар 11 қаңтар күні ҚХА сессиясында сайланатыны белгілі болды.

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Алдағы сайлауда мәжіліс мандатына бес партия таласады. Олар:

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Адал" партиясы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – консультативтік-кеңесші орган. Оның міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға үлес қосу. ҚХА 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Қазақстанның тұңғыш президентіне Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы берілді.  

Жаңалықтар
0