Өңірлер

Ақтауда полиция қару ұстаған ер адамдар мінген үш автокөлікті тоқтатты

Полицейлер деструктивті діни ағымның жетегінде жүрген ер адамдардан бірнеше қару тәркіледі, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысында деструктивті діни ағымның жақтастары мінген автокөліктерден бірнеше атыс қаруы табылды.

Бір топ ер адамды ұстау операциясын экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірлесіп жүргізді, деп хабарлайды polisia.kz.

Қару-жарақ салынған үш автокөлік Ақтаудағы 1-ші шағын ауданында жағалау маңында тоқтатылды.

"Ұсталғандардан үш шолақ мылтық, төрт травматикалық тапанша және оқ-дәрі табылды. Қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысы ПД экстремизммен күрес басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекбол Қорғанбаев.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді – видео

Күдіктілер қару-жарақты қандай мақсатпен сақтағанын тергеу анықтайды.

Қазір ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Олар екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.