НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда ірі қару-жарақ арсеналы тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бірлескен операцияға әкімшілік полиция мен қалалық ішкі істер органдары қатысты. Құқық қорғаушылар "Күзет "МКК" АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.
"Жедел іздестіру шаралары барысында "Күзет "МКК" АҚ қоймаларында ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет түскен. Оған қоса, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптары бұзылған", - дейді құқық қорғаушылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Атап айтқанда, ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзетті тек екі қызметкер қамтамасыз еткен.
"Арсеналдың дұрыс сақталмауы туралы ақпараттың террористік, экстремистік ұйымдардың қолына түскен жағдайда қауіп-қатердің алдын алу шаралары қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
Бірлескен операция кезінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрі тәркіленді. Бұл жағдай қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі бойынша (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау) тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.
Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандарға 5 АЕК көлеміндегі айыппұл салынуы мүмкін. Бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.