НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жағажайдағы жаттығуын көрсетті. 18 желтоқсанда жерлесіміз поляк Камил Шереметамен жұдырықтасады.
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы Twitter парақшасында GGG-дің жағажайда қандай жаттығу жасайтынын көрсетті. АҚШ-та жүрген боксшымыз жылдамдық пен төзімділікті шыңдауға арналған жаттығулар кешенін жасап шықты. Атап айтқанда, құммен жүгіру, екі аяқты байлап қойып соққы жасау, қарсыластың соққысын тигізбеу және тағы басқа техникалар бар.
"GGG 18 желтоқсанға дайындалып жатыр. Ол Флоридада рекордтық түн жасауды көздейді", - делінген бейнебаянның жазбасында.
Головкин мен Шереметаның жекпе-жегі
18 желтоқсанда Холливуд қаласында (АҚШ, Флорида штаты) Головкин — Шеремета жекпе-жегі өтеді. Бұл туралы DAZN стримингтік сервисі жариялаған болатын. Головкин де өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жектің анонсын жасады. GGG орта салмақты IBF мен IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін рекордық 21-ші рет қорғап көреді.
Бастапқыда Головкин-Шеремет жекпе-жегі 2020 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болатын. Алайда алдымен Геннадийдің жарақатына, кейіннен COVID-19 пандемиясына байланысты кездесу бірнеше рет кейінге шегерілді.
Канелодан ұтылғаннан кейін Головкин бапкерін ауыстырған болатын. Қазір оны Джонатан Бэнкс жаттықтырып жүр. Былтыр GGG Сергея Деревянченконы жеңіп, IBF белбеуін иеленген болатын.