НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласында Қазпошта бөлімшесінен өрт шықты. Өрттің себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт туралы хабар "101" пультіне 5 желтоқсан сағат 22:58-де түсті. Кентауда үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған "Қазпошта" АҚ кеңсесінде өрт шыққан.
Қазпошта бөлімшесінен түнде өрт шықты
© Photo : ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 30 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт сағат 23:20-да ауыздықталып, он минуттан кейін толығымен сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 14 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.